Әлем жаңалықтары

Бразилияда оқшау өмір сүретін тайпа орманнан шығып, халықтан тамақ сұрады

Бразилияның Амазония ормандарында сыртқы әлеммен байланыссыз өмір сүретін ава тайпасының шамамен 20 өкілі елдімекенге шығып, жергілікті тұрғындардан азық-түлік сұраған. Ерекше жағдай 16 қарашада Мараньян штатындағы Тавари ауылында болған, деп жазады aishyq.kz.

Олардың арасында ерлер, әйелдер мен балалар болған. Ауыл тұрғындары тайпа өкілдеріне ямс атты тамыржеміс беріп, олар көп ұзамай қайтадан орманға оралған. Оқиғаны жергілікті тұрғындар бейнежазбаға түсіріп алған.

Құқық қорғаушылардың пікірінше, тайпаның орманнан шығуына азық-түлік тапшылығы мен мекендейтін аумағының тарылуы себеп болуы мүмкін. Соңғы жылдары олардың жеріне заңсыз ағаш кесушілер мен аңшылар жиі еніп, табиғи ортасына қауіп төндіріп келеді.

Оқиғадан кейін Бразилияның байырғы халықтар ісі жөніндегі ұлттық қоры жағдайды бақылауға алып, тайпаны қорғау шараларын қолға алды. Мамандар олардың денсаулығына төнетін қауіптерді де бағалап жатыр. Өйткені сыртқы әлеммен байланысы жоқ халықтар түрлі жұқпалы ауруларға осал келеді.
Мамандар бұл оқиға ава тайпасының сыртқы әлеммен тұрақты байланыс орнатуға дайын екенін білдірмейтінін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button