ҚоғамМаңғыстау жаңалықтары
Маңғыстауда шалшық суға қонған жалғыз аққу жұрт назарын аударды

Маңғыстау облысында шалшық суға қонған жалғыз аққу көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Қасиетті құстардың бірі саналатын аққудың жалғыз жүруі әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударған. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба желіде тарады, — деп хабарлайды aishyq.kz.
Кадрда аққудың шағын шалшық суда жүзіп жүргенін көруге болады. Бір қызығы, құс қонған маңда түйе де жайылып жүрген. Ерекше көрініс табиғаттың тосын сәттерінің біріне айналып, желі қолданушылары арасында талқыланып жатыр.
Аққулар әдетте жұбымен жүретін құстар ретінде белгілі. Сондықтан жалғыз аққудың көрінуі көпшілікті таңғалдырған. Дегенмен құстың неліктен жалғыз жүргені және оның бұл аймаққа қайдан келгені әзірге белгісіз.



