ЖаңалықтарҚоғам

Каспий теңізіндегі оқиғадан аман қалған атыраулық сарбаз қаза тапқан достарының отбасына барды

Каспий теңізіндегі оқиғадан аман қалған атыраулық сарбаз Бекет Қуандық қаза тапқан достарының отбасына барып, құран бағыштады. Бұл туралы сарбаз instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды aishyq.kz.

— Бүгін Орал қаласына, қаза болған қарулас бауырларымның отбасыларына барып, рухтарына құран бағыштадым, жақындарымен жүздестім. Өздері арамызда болмаса да, олардың ерлігі мен есімі жүрегімізде мәңгі сақталады. Біз ұмытпаймыз, бүгін сендерсіз 2 ай уақыт өтіпті… Олардың ерлігі – кейінгі ұрпаққа өнеге. Достарымның анасы – менің де анам, әкесі – менің де әкем, бауырлары – менің де бауырларым, — деп жазды Бекет Қуандық.

Басқа жаңалықтар

Back to top button