Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Марста кімдер мекен етеді? Ғалымдарды таңғалдырған жұмбақ «есік»

Марста тіршілік бар ма? Бұл сұрақ адамзатты әлі күнге дейін қызықтырып келеді. Әсіресе, 2022 жылы NASA-ның Curiosity марсоходы түсірген ерекше сурет ғаламторда кеңінен талқыға түсті, деп жазады aishyq.kz.

Қызыл ғаламшардың Шарп тауы баурайында түсірілген фотода тас арасынан есікке ұқсас ойық байқалған.

Желі қолданушылары оны бірден «Марстағы жұмбақ есік» деп атап, бұл көріністі өзге ғаламшарлықтардың мекенімен байланыстыра бастады.

Алайда ғалымдардың түсіндіруінше, бұл жерде ешқандай жасанды құрылыс жоқ. NASA мәліметі бойынша, ойықтың биіктігі шамамен 30 сантиметр, ені 40 сантиметр ғана. Яғни, кәдімгі итке арналған есіктің көлеміндей.

Мамандар бұл көрініс тау жыныстарындағы бірнеше табиғи жарықшақтың түйісуінен пайда болғанын айтады. Тастың белгілі бір бағытта жарылуы, жарық пен көлеңкенің түсуі адам көзіне есік тәрізді бейне қалыптастырған.

Әзірге ғалымдар Марста тіршілік ететін тірі ағзаларды тапқан жоқ. Дегенмен Қызыл ғаламшардың ежелгі кезеңде суға бай болғанын дәлелдейтін деректер бар. Сондықтан зерттеушілер Марста бір кездері микроскопиялық тіршілік формалары болған-болмағанын анықтауға тырысып жатыр.

«Марстағы есік» әзірге табиғаттың ерекше туындысы ғана. Бірақ ғаламшардың әрбір жұмбағы ғалымдарды жаңа жаңалықтарға жетелеп, адамзаттың ғарыш туралы түсінігін кеңейте түсуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button