Маңғыстауда топтасқан қоқиқаздар көпшілікті тәнті етті

Маңғыстау облысында топтасып жүрген қоқиқаздар жұртшылықтың назарын аударды, деп хабарлайды aishyq.kz.
Қызғылт түсті әсем құстардың табиғи ортадағы көрінісін ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ерекше кадрлар желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды.
«Маңғыстаулық қоқиқаздар. Олардың қанша екенін табыңыздар», – деп жазды Азамат Сәрсенбаев.
Бейнежазбада су айдынында топтасып жүрген қоқиқаздарды көруге болады. Құстардың көптігі мен ерекше көрінісі көрермендердің назарын бірден аударған.
Айта кетейік, Маңғыстау өңірі Каспий теңізі жағалауындағы қоқиқаздар мекендейтін маңызды табиғи аймақтардың бірі саналады. Әсемдігімен ерекшеленетін бұл құстар өңір табиғатының көркін арттырып, тұрғындар мен туристердің көзайымына айналып келеді.



