ЖаңалықтарҚоғам
Кафе күзетшілері мен келушілер арасындағы төбелес жолда жалғасты
Шымкент қаласындағы дәмханалардың бірінде келушілер мен күзетшілер арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан, деп жазады aishyq.kz.
Оқиға 18 қарашада болған. Алғашында кафе ішінде басталған сөзге келу кейін көшеде жалғасып, қатысушылар арасында төбелес болған.
Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар барлық адамды анықтап, бөлімшеге жеткізді. Қазіргі уақытта күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Аталған дерек бойынша бұзақылық бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



