Саясат
Тренд

Тоқаев пен Герцог Астанадағы Alem.ai жасанды интеллект орталығын аралады

Қазақстан мен Израиль президенттері — Қасым-Жомарт Тоқаев және Ицхак Герцог Астана қаласындағы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды.

Сапар барысында мемлекет басшыларына орталықтың қызметі таныстырылып, мұнда технологияларды дамыту толық цикл бойынша жүзеге асатыны айтылды — дарынды жастарды ерте анықтаудан бастап, жасанды интеллект шешімдерін жаһандық деңгейде енгізуге дейінгі барлық кезең қамтылған.

Израиль Президентіне Қазақстанның цифрландыру саласындағы жетістіктері және жасанды интеллект технологияларын экономиканың негізгі салалары мен әлеуметтік бағыттарға енгізу тәжірибесі көрсетілді.

Сонымен қатар, делегацияға жаңа буындағы зияткерлік қалалық инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған Astana Smart City жобасы таныстырылды.

Back to top button