Қазақстан жаңалықтары
Мектеп оқушысы баспалдақтан құлап, көз жұмды

Алматы облысының Қонаев қаласында мектепте болған қайғылы оқиғадан 11 жастағы оқушы қайтыс болды. Оқиға 16 қараша күні сабақ арасындағы үзіліс кезінде болған, деп жазады aishyq.kz.
Алтыншы сынып оқушысы мектептің үшінші қабатындағы баспалдақтың сүйенішінен сырғанамақ болған. Алайда тепе-теңдігін жоғалтып, екінші қабаттағы баспалдақ алаңына құлап кеткен.
Бала ауыр бас жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін екі күн бойы күрескенімен, 18 қарашада оқушы көз жұмды.



