Қазақстанда «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Орынбасарұлы Отыншиев сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұсталды, деп жазады aishyq.kz.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство мәліметінше, 2026 жылғы 11 қарашада ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі аталған тұлғаларды және басқа да азаматтарды ұстаған.
Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.



