Қазақстан жаңалықтары

Ресейге жұмыс істеуге кетіп, соғысқа кетуі мүмкін болған қазақ жігіттері елге оралды

Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды aishyq.kz.

Заңгердің айтуынша, жігіттердің барлығы елге аман-есен жеткен.

«Осы балалардың әрқайсысы бүгін өз жерінде, өз елінде, өз ата-анасының жанында. Аллаға сансыз шүкір», – деп жазды Мейірман Шекеев.

Еске салайық, бұған дейін Ресейге жұмыс істеуге барған бір топ қазақстандық соғысқа жіберілу қаупі бар екенін айтып, Қазақстан билігінен көмек сұраған еді. Олардың сөзінше, Ресей аумағында жүрген кезінде осындай жағдайға тап болған.

Осыдан кейін азаматтарды елге қайтаруға жәрдемдесу мәселесі көтерілді. Бұған дейін 13 қазақстандықты қайтаруға дайындық жүріп жатқаны хабарланған еді.

Қазіргі уақытта елге оралған азаматтардың нақты саны белгісіз. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button