Қазақстан жаңалықтары

Кәсіпкерді үйінің ауласында атып өлтірді

Ақтөбе қаласында ер адамды өз үйінің ауласында атып өлтірді. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм ірі жанармай құю бекеттері желісінің иесі болған, деп жазады aishyq.kz.

Оқиға таңертең болған. Марқұмның үйіне жақын орналасқан мекеме қызметкерлері атыс дауысын естіген.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті ер адамның оқ жарақатынан көз жұмғанын растады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды. Полиция тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған мәлімет таратпауға шақырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button