Қазақстан жаңалықтары
Ескертусіз барды: Қорғаныс министрі Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімді тексерді

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімдердің біріне тосыннан барып, тексеру жүргізді, деп хабарлайды aishyq.kz.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, генерал-майор Айдос Мырзахметов қызметтің ұйымдастырылуы және әскери қызметшілердің жағдайымен танысты. Тексеру кезінде казармалардың жай-күйі мен бөлімнің инфрақұрылым жағдайына назар аударды.
Тексеру қорытындысы бойынша әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайын жақсарту жөнінде нақты тапсырма берді.



