Барлық жаңалықтарСпорт

Азия ойындарында сынға түсетін Қазақстан боксшылары анықталды

Еліміздің бокс федерациясы Жапонияның Аичи-Нагоя қалаларында өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды aishyq.kz.

Құрлық ойындаорында бокстан ел намысын мына боксшылар қорғайды:

55 кг: Махмұд Сабырхан
60 кг: Оразбек Асылқұлов
70 кг: Төрехан Сабырхан
80 кг: Сабыржан Аққалықов
90 кг: Нұрбек Оралбай
90 кг: Айбек Оралбай

Бұған дейін әйелдер құрамасы да белгілі болған еді. Оның сапына Алуа Балқыбекова (51 кг), Назым Қызайбай (54 кг), Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (65 кг) және Наталья Богданова (75 кг) енді.

2026 жылғы Азия ойындарының ашылу салтанаты 19 қыркүйекте өтеді. Бокстан өтетін бәсекелер 21 қыркүйекте басталады.

Айта кететін жайт, соңғы рет Маңғыстау облысының боксшылары арасында Әділбек Ниязымбетов (81 кг) 2014 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия ойындарында чемпион атанған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button