ЖаңалықтарСпорт

Маңғыстаулық екі дзюдошы Хорватиядағы Гран-Приде күреседі

Маңғыстаулық дзюдошылар Жантілек Нұртілепұлы мен Меруерт Сәрсенова қараша айының 13-15 күндері Зегребте өтетін Гран-при турниріне қатысады, деп жазады aishyq.kz.

Жантілек Нұртілепұлы (+100 кг) пен Меруерт Сәрсенова (52 кг) өткен айындың басында әлем чемпионатының аралас командалық сайысында өнер көрсеткен болатын. Сондай-ақ, Меруерт Азия ойындарында командалық сында күміс жүлде иеленген еді.

Ерлер:

60 кг: Аман Бақытжан, Нұраділ Әлжан

66 кг: Нұрқанат Серікбаев, Бақытжан Абдурахманов

73 кг: Данияр Шамшаев

90 кг: Ермахан Әнуарбеков, Нұржан Бисенов

+100 кг: Ерасыл Қажыбаев, Жантілек Нұртілепұлы.

Әйелдер: 

48 кг: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева

52 кг: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова

57 кг: Дана Әбдірова

63 кг: Эсмигүл Куюлова

70 кг: Ажар Асхат

78 кг: Екатерина Токарева

+78 кг: Аида Тойшыбекова, Камила Берліқаш.

Басқа жаңалықтар

Back to top button