Қазақстан жаңалықтары

Астанада коммуналдық қызметкерлерге су шашқан жүргізуші қамауға алынды

Астанада жол бойынша жұмыс істеп жүрген тазалықшыларды суға малындырған Lexus жүргізушісі 10 тәулікке қамалды, деп жазады aishyq.kz. 

Оқиға кезінде 32 жастағы Lexus жүргізушісі жол бойындағы шалшық суды қатты жылдамдықпен басып өтіп, коммуналдық қызметкерлерді малмаңдай су қылған. Оқиғадан кейін дереу түрде ер адам анықталып, жауапкершілікке тартылды.

Оқиға жол жұмысшылары бордюр бойын тазалап жатқан кезде болған. Жауыннан кейін жолдың жүріс бөлігінде су жиналған. Алайда жүргізуші бағдаршамның жыпылықтаған белгісіне қарамастан, жылдамдығын бәсеңдетпей, шалшық судың үстімен өтіп кеткен.

Соның салдарынан көлік доңғалағынан көтерілген су толқыны жол тазалап жүрген жұмысшыларды түгелдей суға малындырған.

Полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Сот ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button