ЖаңалықтарҚоғамМаңғыстау жаңалықтары
Ақтауда компания балаларды ойын алаңын өртеді деп айыптап отыр

Ақтаудың 11 қазан күні 32А шағынауданындағы №15 үйдің жанында балалар алаңында өрт шықты. Құрылыс салушы «Болашақ Өзен» ЖШС-ның мәліметінше, екі қыз бала алаңда жатқан матрасты өртеп, жалын ойын кешеніне, әткеншектерге және резеңке жабынға таралған, деп жазады aishyq.kz.
Компания келтірілген шығынды 4 млн 890 мың теңгеге бағалап, бұл соманы балалардың ата-анасынан өндіріп алуды жоспарлап отыр.
Құрылыс компаниясы алаңның жабыны оңай тұтанбайтын материалдан жасалғанын айтып, өрт кезінде жанғыш заттар қолданылуы мүмкін деген болжам жасады.
Айта кетейік, бұл өрт оқиғасына қатысты ТЖД екі шаршы метр аумақта қоқыс жанғанын хабарлаған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Ал қыз балалардың өртке қатысы әзірге ресми түрде айтылған жоқ.



