ЖаңалықтарҚоғамМаңғыстау жаңалықтары

Ақтауда балалар алаңында өрт шықты

Бүгін, 11 қазанда, Ақтау қаласындағы 32А шағынауданындағы №15 үйдің жанындағы балалар алаңында өрт шықты. Бұл туралы оқиға куәгерлері әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды aishyq.kz.

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама сағат 14:08-де түскен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар балалар алаңында шамамен 2 шаршы метр аумақта қоқыс жанып жатқанын анықтады.

Өрт сөндіру бөлімшесі жеткенге дейін жалын сөндірілген. Оқиға орнына 7 қызметкер жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button