ЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтарыСаясат
«Жигулимен жүретін» экс-әкім Маңғыстау облысы әкімінің аппаратын басқарады

Осыдан 3-4 жыл бұрын әлеуметтік желіде журналистің сұрағына «жигулимен жүремін» деп жауап берген Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Айбек Қосуақов Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды aishyq.kz сайты.
Ол 2020-2022 жылдары Түпқараған ауданының әкімі болды.
2022-2024 жылдары Жаңаөзен қаласын басқарды.
2024 жылғы 22 сәуірден бастап осы уақытқа дейін «КаспийТрансКом» ЖШС директорының кеңесшісі қызметін атқарған.



