ЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары
Тренд
Желіде адам ұрлады деп күдікке ілінген Жансейіт Қайнарбаевқа қатысты эксклюзивті кадр тарады

Әлеуметтік желіде Жаңаөзеннің экс-әкімі Жансейіт Қайнарбаев пен өңірдегі спорттағы беделді тұлға Манарбек Бисекеновтің адам ұрлауына қатысты кадрлар тарады, деп жазады aishyq.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желіде экс-әкім мен спортшының ұсталғаны және олардың адам ұрлау ісіне қатысы болуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған.
ҰҚК Жансейіт Қайнарбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады. Алайда ведомство оның қандай іске байланысты күдікке ілінгенін жариялаған жоқ.
Айта кетейік, Жансейіт Қайнарбаев 2024- 2026 жылдары Жаңаөзен қаласының әкімі қызметін атқарған. Биыл қыркүйекте Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі болып тағайындалған.
🎥 cenzura_aktau



