ЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары

Жаңаөзенде жеке базадан 4 тонна мұнай табылды

Жаңаөзенде жеке базалардың бірінен мұнай өнімдері құйылған төрт тонналық ыдыс табылды. Оқиға орнында ер адам ұсталды, деп хабарлайды aishyq.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, жедел іс-шара 21 қазанда сағат 18:10 шамасында Рауан шағынауданындағы өнеркәсіптік аймақта жүргізілген. Операцияға ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен полицияның арнайы бөлімшесі қатысты.

Полиция бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабының 1-бөлігімен іс қозғаған. Қазір мұнай өнімдерінің шығу тегі мен оқиғаның өзге де мән-жайы анықталып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button