ҚоғамМаңғыстау жаңалықтары
Тренд

Жаңаөзенде тұрғындар бес жылдан бері пәтерлеріне кіре алмай жүр

«Nur-Ali» компаниясы салып жатқан тұрғын үй кешеніне қаржы құйған жаңаөзендіктер бес жылдан бері баспаналарын ала алмай жүр. Тұрғындардың айтуынша, 2021 жылдың соңында олар құрылысқа қаражат салған. Ал 2023 жылы пәтерлеріне қоныстануы тиіс еді. Алайда арада бірнеше жыл өтсе де, үйдің құрылысы мен абаттандыру жұмыстары толық аяқталмаған, деп жазады aishyq.kz.

Тұрғындардың сөзінше, бүгінде «Сая» тұрғын үй кешенінде бірқатар мәселе шешімін таппай отыр. Атап айтқанда, электрмен жабдықтау үшін трансформатор орнатылмаған, жылу және газ жүйелері іске қосылмаған. Сонымен қатар кәріз жүйесі толық аяқталмаған, үй аумағы күл-қоқыстан тазартылмаған. Тротуар төселіп, балалар ойын алаңы жасалмаған. Лифт те әлі жұмыс істемейді.

Тұрғын үйді аяқтауға міндетті «Nur-Ali» компаниясының басшысы Аслан Қалақанов бірнеше жылдан бері уәде берумен шектеліп келеді. Тұрғындардың айтуынша, баспананың қашан толық дайын болатыны әлі белгісіз.

Осыған байланысты тұрғындар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайға және Жаңаөзен қаласының әкімі Сымбат Төретайға үндеу жолдады.

Олар жауапты органдардан мәселені назарға алып, тұрғын үй кешеніндегі құрылыс және инженерлік-коммуникациялық жұмыстарды сапалы әрі жедел аяқтауды талап етеді. Бес жылдан бері баспана күткен тұрғындар енді уәде емес, нақты нәтиже күтетінін жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button