ЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары

Жаңаөзенде Қазақ газ өңдеу зауытының қызметкерлерімен кездесу өтті

Бүгін «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы сайлауалды штабтың үгіт-насихат жұмыстары Жаңаөзен қаласында жалғасты. Маңғыстау облыстық және Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қазақ газ өңдеу зауытының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Сонымен қатар медицина, инклюзивті білім беру, әлеуметтік көмек және инфрақұрылым саласы бойынша өзекті мәселелерді талқылады.

Кандидат Пания Сармурзина Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау мәселесіне тоқталды.

     «Бүгінде елімізде инклюзивті білім алуға тиіс 237 мыңнан астам бала бар. Бұл – мемлекет пен қоғам тарапынан жүйелі қолдауды қажет ететін маңызды әлеуметтік мәселе. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға инклюзивті білім беру инфрақұрылымын дамытуды, білікті мамандар тапшылығын азайтуды және балалардың даму ерекшеліктерін ерте жастан анықтау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Осы орайда Маңғыстау облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған қызметтердің қолжетімділігі, мамандармен қамтамасыз ету және ата-аналарға көрсетілетін қолдау мәселелері тұрақты назарда болуы қажет. Біздің ұстанымымыз – әрбір баланың мүмкіндігін ескеріп, оның дамуына тең жағдай жасау. Баланың болашағы оның денсаулық жағдайына немесе тұрғылықты жеріне байланысты шектелмеуі керек», – деді кандидат Пания Сармурзина.

Сондай-ақ кандидаттар өңірде құрылыс қарқыны артып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен орындалып жатқанын атап өтті. Кандидат Анар Шамшадинованың айтуынша, халықтың қажеттіліктерін ескеріп, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға, сапалы қызметтің қолжетімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Осы орайда Мемлекет басшысының 2027 жылды жалпыхалықтық құрылыс жылы деп жариялауы құрылыс саласын дамытуға және елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғыртуға тың серпін береді.

Кездесу соңында мекеме қызметкерлері кандидаттарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

«Әділет» партиясы
Маңғыстау облысының
Сайлау қорының қаражатынан төленді

Басқа жаңалықтар

Back to top button