ЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары

Жаңаөзенде «ереуіл ұйымдастырды» деген күдікке ілінгендер ұсталды

Жаңаөзен қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі бірлесіп, ауқымды ұстау операциясын өткізді. Energy monitor-дың мәліметінше, ұсталғандар мердігер ұйымдардың басшылығымен сөз байласып, «ереуілдер ұйымдастырды» деген күдікке ілінді, деп жазады aishyq.kz.

Ұсталғандар – «Jana Oil Service» ЖШС (бұрынғы «Кезби») басшылары.

Дереккөздің хабарлауынша, олар кәсіпорын ұжымын жаппай наразылыққа шақырып, осы арқылы тапсырыс беруші – «Өзенмұнайгаз» АҚ-дан қосымша қаржыландыру алмақ болған.

Еске салайық, өткен жылы «Кезби» мұнай сервис компаниясының бұрынғы басқарушы директоры Ержан Кезбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Оған аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген кінә тағылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button