Жаңаөзенде «Әділет» партиясының кандидаты «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ұжымымен кездесті

«Әділет» партиясынан Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттығына №6 сайлау округінен кандидат Исанбай Қалдаманов «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында кандидат мекеме қызметкерлеріне партияның 2026–2031 жылдарға арналған бағдарламасын таныстырып, мұнай-газ өндірісінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін инженерлік инфрақұрылымды дамыту, су ресурстарын тиімді пайдалану және өндірістік нысандардың қауіпсіздігін арттыру мәселелеріне тоқталды.
Кандидат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген инфрақұрылымды жаңғырту, су ресурстарын ұтымды пайдалану, су тасымалдау кезіндегі шығындарды азайту және өндіріс саласына заманауи технологияларды енгізу міндеттерінің маңызын да атап өтті.
«Су – мұнай-газ өндірісіндегі маңызды ресурстардың бірі. Мұнай өндіру көлемін арттыру және қабат қысымын ұстап тұру үшін техникалық суды үздіксіз жеткізу қажет. Сондықтан су өндіру ұңғымаларының, сорғы станциялары мен магистральдық құбырлардың үздіксіз жұмыс істеуі, өндірістік желілерді уақтылы жөндеу және жаңғырту мәселелері айрықша маңызға ие», – деді Исанбай Қалдаманов.
Жиында су өндіру және тасымалдау жүйелерінің техникалық жағдайын жақсарту, құбырлар мен сорғы станцияларын жаңарту, жабдықтардың қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар кандидат сайлауалды бағдарламасындағы жол және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аулаларды абаттандыру және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру бағыттарына тоқталды.
Кездесу соңында кандидат мекеме қызметкерлерінің сауалдарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Республикалық бюджет есебінен төленді
Дайындаған: Aishyq.kz ақпараттық сайты.
Мекенжайы: Ақтау қ., 32А шағынаудан, 8 үй;








