Жаңаөзенде «Әділет» партиясының кандидаттары «Жанарыс» тігін шеберханасының ұжымымен кездесті

«Әділет» партиясынан Маңғыстау облыстық, Жаңаөзен қалалық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар «Жанарыс» тігін шеберханасының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуде кандидаттар партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өңірде кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, отандық өндірушілердің әлеуетін арттыру мәселелерін талқылады.
Кандидат Зарета Фаталиева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым міндеттерге тоқталды. Атап айтсақ, отандық өндірушілерді қолдау және кәсіпкерлікті дамыту бағыттарына ерекше назар аударды.
«Жаңаөзен сияқты моноқалаларда кәсіпкерлік бастамаларын қолдау – өңір экономикасын әртараптандырудың негізгі тетігі. «Жанарыс» сияқты тігін шеберханаларының жұмысы жергілікті халықты, әсіресе әйелдерді тұрақты жұмыспен қамтып қана қоймай, отандық жеңіл өнеркәсіптің дамуына үлес қосып отыр. Бизнесті кеңейтуге ниетті кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген бағдарламаларды қолдану, салықтық жеңілдіктер және нарықтағы қолжетімділікті арттыру аса маңызды. Кәсіпкерлікті өркендету үшін жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, кәсіби біліктілікті арттыру және өңірдің инфрақұрылымын дамыту да назардан тыс қалмауы тиіс», – деді Зарета Фаталиева.
Кандидаттар бизнесті негізсіз мазалайтын тексерулерді реттеу, отандық өнім өндірушілерге тең жағдай жасау және мемлекеттік сатып алуларға шағын және орта бизнесті кеңінен тарту өңірдегі экономикалық белсенділікті арттырудың басты жолы екенін де атап өтті. Іс-шара соңында қатысушылар әр деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлерге ұсыныстарын айтып, сұрақтарына жауап алды.
«Әділет» партиясы
Маңғыстау облысының
Сайлау қорының қаражатынан төленді








