ЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары
Тренд

«Жағалаудан ұзап кеткен»: Каспийде жоғалған адамдар аман табылды

Маңғыстау облысында құтқарушылар Каспий жағалауынан алыстап кеткен үш адамды тапты, деп хабарлайды aishyq.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиға өткен түнде Түпқараған ауданы аумағында тіркелген. Белгілі болған дерек бойынша Каспий теңізінің жағалауында қатты желдің салдарынан үш адам отырған үрлемелі қайық ашық теңізге ағып кеткен көрінеді.

    «Оларды іздеуге ТЖМ күштері дереу шықты. Құтқарушылар жоғалған адамдарды тауып, жағалауға жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ», — деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Бұл ретте ТЖМ тарапы тұрғындарға жел күшейген кезде суға шықпауды және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертіп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button