Барлық жаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары

Тұщыбек ауылындағы туберкулезге қарсы санатория курорттық орталыққа айналады

Маңғыстау ауданы Тұщыбек ауылындағы туберкулезге қарсы санатория жаңғырып, заманауи курорттық-сауықтыру орталыққа айналады, деп хабарлайды aishyq.kz.

«Жаңа өмір» басылымының мәліметінше, жобаны «ABAT Total Engineering Services & Consulting» ЖШС іске асырады.

Жеке кәсіпкер жобаға инвестиция салып, жоспарға сәйкес нысанды кезең-кезеңімен жаңартып, алдағы бес жыл ішінде толыққанды курорттық-сауықтыру орталығына айналдыруды көздеп отыр. Кәсіпкер орталыққа жалпы сомасы 1,5 млрд теңге инвестиция салуды жоспарлаған. Оның алғашқы кезеңінде 200 млн теңгеге жуық қаражат бағытталып, ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Нысан жаңа кейіпке енген соң мұнда тек ауыл тұрғындары емес, өңірдің, республиканың әр түкпірінен келген қонақтар да демалады. Бұл Тұщыбек ауылының туристік әлеуетінің қалыптасуына ықпал етпек.

Сонымен қатар кәсіпкер аумақта қажетті инфрақұрылымды дамыту мақсатында жер учаскесін кеңейтуді де жоспарлап отыр. Жоба жүзеге асқан жағдайда Тұщыбек ауылында жаңа курорттық орталық болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button