ЖаңалықтарҚоғам

«Тренд қуамын» деп көліксіз қалды: Ақтауда жолды бөгеп видео түсірген қыздардың көлігі айыптұраққа қойылды

Әлеуметтік желіде қаралым үшін видео түсірмек болған ақтаулықтардың әрекеті полиция басқармасының назарына ілікті. Хайп қуған қыздардың түсірген видеосының соңы хаттама толтырумен аяқталды, деп хабарлайды aishyq.kz.

Ақтау қалалық полиция басқармасының мәліметінше, 7 қазанда желіде тараған бейнематериалды зерделеу барысында бірнеше құқық бұзушылық фактісі анықталды. Жарияланған видеода көлік иелері жол қозғалысын шектеген.

   — Әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратқа сәйкес бірнеше құқық бұзушылық фактісі анықталды. Атап айтқанда, көлік құралдарының тоқтап тұру қағидаларын бұзу және жеке басын анықтайтын құжаттарының болмауына байланысты тиісті әкімшілік хаттамалар жасақталып, көлік құралдары уақытша айыптұраққа қойылды, — деп атап өтті қалалық полиция басқармасы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button