Маңғыстау жаңалықтары

TikTok-та балағат сөз айтқан маңғыстаулық тұрғын 5 тәулікке қамалды

Маңғыстау облысында TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде былапыт сөздер айтқан 23 жастағы тұрғын бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды aishyq.kz сайты полиция департаментіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде өңір тұрғыны Әмір Мирас тікелей эфир кезінде бірнеше рет балағат сөз айтқаны анықталған.

Осы дерекке байланысты оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша хаттама толтырылған. Сот ер адамды кінәлі деп танып, бес тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button