Барлық жаңалықтарЖаңалықтар

«Теңіздегі Эйфель мұнарасы»: Маңғыстауда алғашқы теңіз бұрғылау қондырғысы жасалды

Маңғыстау облысында Қазақстанда алғаш рет жасалған теңіз бұрғылау қондырғысы Каспий теңізінің қазақстандық секторына орнатылды, деп хабарлайды aishyq.kz.

Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз хатшысы Ерлан Сисенов әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

Satti деп аталатын алып теңіз бұрғылау қондырғысының жалпы салмағы шамамен 11 мың тоннаны құрайды. Бұл Эйфель мұнарасының салмағынан да ауыр болып отыр.

Қондырғының ұзындығы 72 метр, ені 64 метр болса, биіктігі 119 метрге жетеді. Салыстырмалы түрде айтқанда, оның биіктігі шамамен 35 қабатты тұрғын үймен тең көрінеді.

     «Эйфель мұнарасынан ауыр, 35 қабатты тұрғын үйден биік. Satti – «ҚазМұнайГазға» тиесілі, Қазақстанда жасалған алғашқы теңіз бұрғылау қондырғысы», – деп жазды Ерлан Сисенов.

Satti – Қазақстанда құрастырылған алғашқы өзі көтерілетін қалқымалы теңіз бұрғылау қондырғысы саналады. Оның құрылысы Маңғыстау облысының Құрық ауылындағы «Ерсай» кеме жасау зауытында жүргізілген.

Осылайша, Маңғыстауда жасалған бірегей қондырғы отандық теңіздегі мұнай-газ саласының өндірістік мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған маңызды жобалардың бірі болып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button