ЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары

«Тас қараңғы»: Ақтауда жартасты соқпақ аумағында жарық жоқ

Тұрғындар Ақтауда 4А шағын аудандағы жартасты соқпақ аумағында жарық жоқ екенін айтып шағымданды, деп жазады aishyq.kz.

Олардың айтуынша, жарықтың жоқ екені қараңғы кезде таңғы серуенге шыққанда анық байқалады.

 «Барлық шам өшіп қалған, айнала тас қараңғы. Таңертең серуендеуге шығатын адамдарға қараңғыда жүру қиын», – дейді тұрғындар.

Қала әкімдігінің мәліметінше, сәндік жарықтандыру элементтерінің істен шыққаны туралы ақпарат бұған дейін келіп түскен.

     «Бұл мәселеге қатысты жарықтандыру бойынша қызмет көрсететін жауапты мердігерге тиісті тапсырма берілді. Қазір мердігер ұйым оларды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», – деді қалалық әкімдік.

Алайда әкімдік жарықтың қашан жанатынын нақты айтпады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button