ЖаңалықтарҚоғам

Шымкентте жеңіл көлікпен жылқыны жетектеген тұрғын жауапқа тартылды

Шымкент қаласында жүргізушінің жылқыны автокөлікпен жетектеген сәті желіде жарияланған соң полиция мәлімдеме жасады. Оқиға барысында қала тұрғыны жылқыны қала ішінде көлікпен ертіп алып жүрген.

Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізгенін соң құқық бұзушының жеке басын анықтады. Тексеру барысында жануардан ешқандай жарақат белгісі табылмаған.

«Оқиғаға байланысты азамат жануарларға қатыгездік көрсету және оларды тасымалдау қағидаларын бұзу деректері бойынша жауапкершілікке тартылды. Полиция азаматтарды жануарларды тасымалдау кезінде белгіленген талаптарды қатаң сақтауға және олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады», — деп жазылған ІІМ ресми ақпараттық порталында жарияланған хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button