ЖаңалықтарҚоғам

Шетелдік блогер Бейнеу вокзалының маңын Үндістанмен салыстырды

Қазақстанның батыс өңірлерін аралап жүрген шетелдік саяхатшы @jungle_story Маңғыстау облысындағы Бейнеу теміржол вокзалы мен пойыздағы жағдайды әлеуметтік желіде көрсетті, деп жазады aishyq.kz.

Ол сапар барысында көрген көріністерін Үндістандағы теміржол қатынасымен салыстырған.

Саяхатшы Бейнеуден Арал арқылы Қызылордаға қарай пойызбен жолға шыққан. Ол жариялаған бейнежазбада жолаушылардың пойызға міну сәті, теміржол аумағының жағдайы және вагон ішіндегі көріністер көрсетілген.

Шетелдік мейманды әсіресе жолаушылардың пойызға міну барысы мен теміржол маңындағы тазалық мәселесі таңғалдырған. Ол көрген жағдайына қарап, өзін Үндістан пойызындағы көріністердің ортасында жүргендей сезінгенін әзіл аралас жеткізді.

Саяхатшының Маңғыстаудан кейінгі аялдамасы Арал қаласы болған. Мұнда ол жергілікті тұрғындардың үйіне қонаққа барып, қазақтың ұлттық сусыны – қымыздан дәм татты. Қымыздың әдеттегіден қатты ашығанын байқаған саяхатшы сусынның әсерінен «мас болып бара жатқанын» әзілмен айтты.

Айта кетейік, Арал өңірі Қазақстанға келетін шетелдік саяхатшылардың қызығушылығын тудыратын тарихи әрі табиғи бағыттардың бірі. Мұнда туристер бір кездері теңіз суы шайып жатқан аумақтарды, құрғап қалған теңіз табанын, жағалауда қалған кемелерді және өңірдің күрделі тарихын көзбен көре алады.

Шетелдік саяхатшының жазбасы Маңғыстау мен Арал өңіріндегі сапардың қызықты сәттерін ғана емес, теміржол инфрақұрылымы мен тазалық мәселесіне де назар аудартты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button