ЖаңалықтарҚоғам
Тренд

«Шелектегі суын төккен»: Ақтауда мектеп директорының әйелі еден жуушыға қорлық көрсетті

Ақтау қаласындағы «Tulpar School» жекеменшік лицейінде болған оқиғаның бейнежазбасы таралып, әлеуметтік желіде жария болды. Оқу орны директорының жұбайы мектептің тазалық жұмыстарымен айналысатын қызметкеріне қатысты қорлайтын әрекет жасады деп айыпталып отыр, деп жазады aishyq.kz.

Белгілі болған дерек бойынша, әйел адам еден жуушы жұмыс барысында пайдаланып жүрген су толы шелекті әдейі теуіп жіберген. Аталған жайт бейнебақылау камерасына түсіп қалып, бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырып отыр.

Бұл оқиғаға байланысты полицияға арыз түскенімен, әзірге шағымды қарау нәтижелері туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.

Оқиғаға қатысты Маңғыстау облысының білім басқармасы түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, оқиға Ақтау қаласындағы «Тұлпар» жекеменшік лицейінде болған көрінеді.

      «Осы жағдайға байланысты Ақтау қалалық білім бөлімі арнайы комиссия құрды. Комиссия оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты зерделеп жатыр. Тексеру барысында барлық тараптың түсініктемесі тыңдалып, жағдайға тиісті құқықтық және ұйымдастырушылық баға беріледі. Тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама аясында қажетті шаралар қабылданады», — деді білім басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button