Барлық жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Рыбакина US Open-дегі жеңісінен кейін 2,5 млн доллар салық төлейді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі тарихи жеңісі үшін рекордтық жүлде қорына қол жеткізді. Алайда сыйақының едәуір бөлігі АҚШ-тағы салыққа төленуі мүмкін, деп жазады aishyq.kz.

Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің әйелдер арасындағы жекелей сында чемпион атанып, 5,5 млн доллар көлемінде жүлде иеленген. Бұл өткен жылғы чемпион Арина Соболенко алған 5 млн доллардан да жоғары болып отыр.

Биылғы US Open турнирінің жалпы жүлде қоры 108 млн долларды құрады. Осылайша, алғаш рет Үлкен дулыға турнирлерінің біріндегі жүлде қоры 100 млн доллардан асып отыр.

Алайда спортшының есепшотына 5,5 млн доллардың толық көлемде түсуі екіталай. Рыбакина АҚШ-та федералдық және Нью-Йорк штатының салықтарын төлеуі тиіс.

US Open Нью-Йоркте өтетіндіктен, спортшының турнирден тапқан табысына АҚШ-тың федералдық салығы және Нью-Йорк штатының салығы қолданылады. Есептеуде жоғары табыс алатын азаматтарға арналған 37% федералдық салық мөлшерлемесі және Нью-Йорк штатының шамамен 9,65% салық мөлшерлемесі негізге алынған.

Осы есеп бойынша ол федералдық салық ретінде шамамен 2,03 млн доллар және Нью-Йорк штатының салығы бойынша 530 мың доллардан астам қаржысын төлейді. Осылайша отандық теннисшінің жалпы салық көлемі шамамен 2,5 млн долларды құрамақ.

Айта кететін жайт, Қазақстанда жеке тұлғалардың табысына салық салынады. Алайда АҚШ-та төленген салықтар Қазақстандағы салық міндеттемесін есептеу кезінде ескерілуі мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button