ҚоғамМаңғыстау жаңалықтары
Қырық жыл әріптес болған қос құрбы 90-ға таяғанда қайта қауышты

Маңғыстау облысы Ұштаған ауылында 86 жастағы Нұртуған әже мен 90 жастағы Ақбала әже бір-бірімен қуана қауышты. Біраз уақыттан бері сырқатына байланысты көрісе алмай жүрген қос құрбының кездесуі ерекше әсерлі болды.
Бір кездері әріптес болған қос әже зейнет жасына дейін 40 жыл бойы бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек еткен.
Ұзақ жылдық сыйластық пен достықты сақтап келе жатқан жандардың жүздесуі достықтың ерекше үлгісін көрсетті.



