«Қазақстан барысы» атанған Жантілек Нұртілепұлы әлем чемпионатында күреседі

Дзюдодан +100 келіде өнер көрсететін Жантілек Нұртілепұлы қазан айында Бакуде өтетін әлем біріншілігіне қатысатын болды, деп хабарлайды aishyq.kz.
Маңғыстау облысының балуаны бұл сында аралас командалық сында татамиге шығады. Әзірбайжан астанасында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі барлығы 21 балуан еніп отыр.
Олардың қатарында Маңғыстау облысының өкілі Жантілек Нұртілепұлы да бар. Татами шебері маусым айында Еуропа кубогында күміс жүлдегер атанса, жақында ғана қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінде топ жарды.
Айта кететін жайт, Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінің жекелей және аралас-командалық жарыстары бойынша бақ сынайды. Әлем чемпионаты Әзірбайжан астанасы Бакуде 4-11 қазан күндері өтеді деп жоспарланған.
Ұлттық құрама балуандарының тізімі төмендегідей:
Ерлер
-60 кг: Бақытжан Аман, Шерзод Давлатов
-66 кг: Нұрқанат Серікбаев, Асылжан Жұбатқанов
-73 кг: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин
-81 кг: Жалғас Қайролла, Абылайхан Жұбаназар
-90 кг: Данил Крылов.
Әйелдер
-48 кг: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева
-63 кг: Эсмигүл Куюлова
-78 кг: Аруна Жангельдина
+78 кг: Ақерке Рамазанова, Камила Берліқаш.
Аралас-командалық жарыс
Ерсұлтан Дүйсенхан (-73 кг), Данил Крылов (-90 кг), Ермахан Ануарбеков (-90 кг), Жантілек Нұртілепұлы (+90 кг).
Дина Мұханбет (-57 кг), Дана Абдирова (-57 кг), Асхат Ажар (-70 кг), Мөлдір Нарынова (-70 кг), Ақерке Рамазанова (+78 кг), Камила Берліқаш (+78 кг).



