Қамауға алынған Қарақия әкімінің адвокаты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі Жансейіт Қайнарбаев пен облыстық жекпе-жек өнері қауымдастығының директоры Манарбек Бисекеновке қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Бұл туралы олардың мүддесін қорғайтын адвокат Айбек Сүйіндіков мәлімдеді, деп хабарлайды aishyq.kz.
Адвокаттың мәліметінше, 2026 жылғы 26 қазанда тергеу соты Ж. Қайнарбаев пен М. Бисекеновке қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген.
Қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
«Адвокат Айбек Сүйіндіков өз мәлімдемесінде кінәсіздік презумпциясын да еске салды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабының 1-тармағы мен Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен дәлелденгенге дейін ол кінәсіз деп есептеледі», — деп жазды адвокат.



