ЖаңалықтарҚазақстан жаңалықтары

Петропавлда құрылыс алаңынан адам сүйектері табылды

Петропавлда инклюзивті орталық салынатын аумақты дайындау кезінде адам сүйектері табылды. Осыған байланысты құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылған, деп хабарлайды aishyq.kz.

Белгілі болған дерек бойынша жұмысшылар аумақтан бас сүйектері, сүйек қалдықтары мен бұрынғы жерлеу орындарының бөліктерін анықтаған. Тарихи деректерге сәйкес, бұл жерде бұдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын христиан зираты болған көрінеді.

Қалалық әкімдік мәліметінше, нысан муниципалдық аумақта салынып жатқандықтан, табылған сүйектерді қайта жерлеуді ұйымдастыру тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жүктелген. Полиция 21 қыркүйекте қайта жерлеуге рұқсат берген.

Табылған сүйектер Жұмысшы кенті маңындағы зиратқа жеткізіледі. Қазір олар аумақтың үстіңгі қабатынан жиналып жатыр. Шіркеу өкілдері мен еріктілер аумақты тереңірек және кәсіби түрде зерттеу қажет екенін айтып отыр.

Полиция адам сүйектерінің табылуына байланысты қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Құрылыс жұмыстарының нақты қашан қайта басталатыны әзірге белгісіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button