Маңғыстау жаңалықтары

Он жылға созылған «эпопея»: Шетпе–Қызан жолының құрылысы қашан аяқталады?

Маңғыстау облысындағы Шетпе–Қызан автожолының құрылысы жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан басты түйткілдің біріне айналды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, ондаған жыл бұрын басталған жол әлі күнге дейін толық аяқталмай, жұртты әбден әбігерге салып отыр, деп жазады aishyq.kz.    

Әлеуметтік желі қолданушысы Еділ Бекмұратовтың жазуынша, жолдың құрылысы басталғанына ондаған жыл болса, жолды салумен айналысып жатқан «Алтын-Құрық» ЖШС-ға қатысты сот дауының жалғасып жатқанына да екі жылдан асты.

     — Қызан — облыс орталығынан шалғай жатқан ауыл. Жергілікті тұрғындар үшін бұл жай жол емес, аудан мен облыс орталығына, жұмысқа, ауруханаға қатынайтын негізгі күретамыр. Ең басты сұрақ – жолдың құрылысы қашан 100 пайыз аяқталады? Сот мәселесі қашан шешіледі? Жол қашан пайдалануға беріледі? – деп жазды Еділ Бекмұратов.

Ол өз сауалында Маңғыстау облысының әкімдігін, Маңғыстау ауданының әкімдігін, «Әділет» партиясын тегтеген.

Редакция жауапты органдардың ресми мәлімдемесін күтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button