Маңғыстау жаңалықтары
Мұнайлыда білім беру ұйымдары зейнеткерлерге 8 млн теңге қарыз болған

Мұнайлы аудандық прокуратурасы жүргізген тексеру жұмыстары кезінде білім беру саласында өрескел заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды aishyq.kz.
Атап айтқанда, зейнет жасына жеткен 70-ке жуық ұстаз бен мектеп қызметкеріне тиесілі 8 миллион теңге көлеміндегі өтемақы уақытында төленбеген.
«Қадағалау актісі қатаң түрде енгізіліп, нәтижесінде заң талаптарын өрескел бұзған мектеп директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал еңбегі еленбей қалған 70 зейнеткердің шотына тиесілі қаражат толық көлемде аударылып, олардың бұзылған құқықтары толықтай қалпына келтірілді», — деп мәлімдеді МО прокуратурасы.



