ЖаңалықтарСаясат
Тренд

Мұхтар Тілеуберді сыртқы істер министрі міндетіне кірісті

Мұхтар Тілеуберді еліміздің сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды aishyq.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазылған ақпаратта.

Айта кететін жайт, Мұхтар Тілеуберді 2019 жылдың қыркүйек айынан 2023 жылдың наурыз айына дейін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары — СІМ басшысы лауазымын атқарған. Ал осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Аустриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы 11-тұрақты өкілі болып жұмыс істеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button