Маңғыстаулық депутаттар Құрылтайдың қандай комитеттеріне мүше болды?

Қазақстан Республикасының Құрылтайына Маңғыстау облысынан сайланған депутаттардың қандай комитеттер құрамына енгені белгілі болды, деп хабарлайды Aishyq.kz.
Аят Сүгірбай Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің құрамына енсе, Аббат Өрісбаев Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі атанды. Ал Марат Себасов Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің құрамына кірді.
Аят Сүгірбай 2014 жылдан бері «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. 2022 жылы Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған.
Аббат Өрісбаев Құрылтай сайлауына дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Ал Марат Себасов ұзақ жылдар бойы мұнай-газ кешенінде басшылық қызметтер атқарып, соңғы бірнеше жылда «Қаражанбасмұнай» АҚ әлеуметтік саясат департаменті директорының орынбасары қызметінде болды.
Айта кетейік, 23 тамызда өткен ҚР Құрылтайы сайлауында тізім бойынша барлығы 145 депутат заң шығарушы орган құрамына өтті. Олардың қатарында Маңғыстау облысынан «Әділет» партиясының атынан үш кандидат депутаттық мандатқа ие болды.



