Маңғыстаулық бірқатар азамат Халық Кеңесінің құрамына енді
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді, деп хабарлайды aishyq.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.
— «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 5-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, — делінген хабарламада.
Халық Кеңесінің құрамында маңғыстаулық азаматтар да бар.
Аймұрзаева Раушан Нұрғалиқызы – Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты
Алтай Алмас – «Eco-social» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, журналист
Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы – «Саламатты Ел» қоғамдық қорының мүшесі, қоғам қайраткері
Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлы – Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы
Осин Кирилл Владимирович – «ЭкоМаңғыстау» үкіметтік емес мекемесінің директоры



