Жаңалықтар

Маңғыстаулық балықшы: Каспийде омыртқасы қисайған бекірелер жиі кездеседі

Маңғыстау жағалауында балық аулап жүрген жергілікті балықшы @mangystau_arlan дене бітімі өзгерген балықты видеоға түсірді. Оның айтуынша, мұндай жағдайға тап болған балықтардың басым бөлігі – бекіре тұқымдастар. Бұл көрініс Каспий теңізіндегі балықтардың жағдайына қатысты сұрақ туғызды, деп хабарлайды aishyq.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода балықшы қолына ұстаған балықтың денесі мен құйрық тұсының әдеттегіден өзгеше иілгенін көруге болады. Балықтың омыртқа жотасы қисайған болуы мүмкін.

Мамандардың түсіндіруінше, балықтарда омыртқа жотасының қисаюы қаңқа жүйесінің дамуындағы ауытқулардан, жарақаттан, қоректік заттардың жетіспеуінен немесе қоршаған орта факторларынан туындауы мүмкін. Сондай-ақ кейбір инфекциялық және паразиттік аурулар да қаңқа деформациясына әсер етуі ықтимал.

Мәселенің мәні – мұндай ауытқулардың Каспийдегі жабайы бекірелер арасында қаншалықты жиі кездесетінін анықтау. Бұл үшін ихтиологтар мен балық шаруашылығы мамандарының зерттеуі қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button