Маңғыстаудан — министрлікке: ТЖД-ны басқарған Мұрат Мұханов министр атанды

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментін бірнеше жыл басқарған Мұрат Мұханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды aishyq.kz
Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов 1985 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. 2006 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын, ал 2020 жылы Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Санкт-Петербург мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетін тәмамдаған.
Ол азаматтық қорғау саласындағы еңбек жолын 2002 жылы бастап, курсанттан бастап департамент басшысына дейінгі қызметтік сатылардан өтті.
Маңғыстау облысындағы төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының нормативтік-техникалық бөлімінің бас маманы, мемлекеттік өрт бақылауы бағыты бойынша түрлі қызметтер атқарды.
2010 жылы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
2016 жылы өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы болды.
2017 жылдан бастап департамент бастығының орынбасары қызметін атқарды.
2020 жылдан бастап Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментін басқарды.
Бұған дейін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы қызметін атқарған.
Мұрат Мұханов II дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.



