ЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары
Тренд

Маңғыстауда теміржол вокзалының жаңа ғимараты ашылды

Бүгін Маңғыстау облысында заманауи талаптарға сай жаңа жолаушылар вокзалы ашылды. Жаңарту жұмыстары нәтижесінде вокзалдың жалпы алаңы 763,7 шаршы метрден 8 899 шаршы метрге дейін ұлғайды. Бұл бұрынғы нысанмен салыстырғанда 11 есе үлкен, деп хабарлайды aishyq.kz.

Жаңа вокзалда кең күту залдары, билет кассалары, жолаушыларға қызмет көрсету аймақтары мен ана мен бала бөлмесі қарастырылған. Сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың еркін қозғалуына мүмкіндік беретін кедергісіз орта қалыптастыруға басымдық берілген.

Вокзалдың инженерлік инфрақұрылымы да жаңарды. Нысанда желдету, сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау және кабельдік желілер жүйелері қарастырылған. Жолаушылардың қозғалысын жеңілдету үшін лифтілер, эскалаторлар мен траволаторлар орнатылған.

Жаңа вокзалдың пайдалануға берілуі өңірдің көлік инфрақұрылымын жақсартуға, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және сапар кезінде қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button