Маңғыстау жаңалықтары

Маңғыстауда полицейлер үйдегі жанжалдан кейін өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарды

Қарақия ауданында полиция қызметкерлері отбасындағы жанжалдан кейін өзіне қол жұмсамақ болған 30 жастағы тұрғынның өмірін сақтап қалды. Оқиға Құрық ауылында болған, деп хабарлайды aishyq.kz. 

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 7 қазаннан 8 қазанға қараған түні сағат 02:40 шамасында учаскелік полиция инспекторына жергілікті тұрғын қоңырау шалған. Әйел ұлының отбасындағы жанжалдан кейін гаражға кетіп, ұзақ уақыт бойы оралмағанын жеткізген.

Хабарлама түскен бойда полиция қызметкерлері Құрық ауылындағы Геологтар тұрғын алабына жол тартқан. Көрсетілген мекенжайға жеткен тәртіп сақшылары ер адамның өміріне қауіп төніп тұрғанын байқап, дереу көмек көрсетуге кіріскен.

Полицейлердің шұғыл әрекетінің арқасында ер адам құтқарылып, оған алғашқы көмек көрсетілген. Сондай-ақ оқиға орнына жедел медициналық жәрдем шақырылған.

Уақытылы көрсетілген көмектің нәтижесінде қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button