Барлық жаңалықтарЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары

Маңғыстауда дауыл кезінде аялдама төңкеріліп қалған

Маңғыстау облысында күшті жел мен шаңды дауыл соғып, бірнеше елді мекенде аялдамалар аударылып, шатырлар ұшып, ағаштар мен қоршаулар құлаған, деп хабарлайды aishyq.kz.

Апта басында өңірде желдің екпіні күшейіп, кей жерлерде шаң мен құм ауаға көтерілген. Тұрғындар әлеуметтік желіде осыған байланысты аударылған аялдамалар, құлаған ағаштар мен зақымданған нысандардың видеоларын жариялаған.

Шаңды дауыл салдарынан кейбір тұрғындар тыныс алудың қиындағанын айтқан. Ал әлеуметтік желіде шаңнан қорғану үшін газтұмылдырық киген оқушының видеосы да тарады.

Қазіргі уақытта өңірде бірнеше апаттық бригада дауылдың салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Бұдан бөлек, өңірдің төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға дауыл туралы ескерту алдын ала жіберілгенін хабарлады. Мамандар қатты жел кезінде мүмкіндігінше далаға шықпауға, балкондағы жеңіл заттарды жинап қоюға және найзағай кезінде көлікті ағаштардың астына қалдырмауға кеңес береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button