Маңғыстау жаңалықтары
Маңғыстауда әскерге барудан жалтарған азаматқа 500 мың теңгеден астам айыппұл салынды

Маңғыстау облысының Түпқараған аудандық сотында әскери қызметке шақырудан жалтару бойынша қылмыстық іс қаралды, деп жазады aishyq.kz сайты yuristy_budushego instagram парақшасына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желі парақшасының мәліметінше, Маңғыстау облысының тұрғыны Орал қаласындағы әскери-техникалық мектепте тегін білім алған. Оқуын аяқтағаннан кейін жігіт жүргізуші куәлігін алған. Алайда іс материалдарына сәйкес, ол алдағы әскерге шақыру туралы біле тұра, әскери қызметтен қасақана жалтарған.
— Сот әскерге барудан жалтарған адамға қатысты 6 айға бас бостандығын шектеу мен мемлекет пайдасына 558 765 теңге өндіру турал шешім шығарды, — деп жазды парақша.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.



